«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 182-V Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы

«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 19, 111-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1, 2, 8 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 6 129 775 352 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 4 273 818 283 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 79 850 486 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 7 485 463 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 1 768 621 120 мың теңге;

2) шығындар - 6 833 672 664 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 44 953 725 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 120 060 192 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 75 106 467 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 169 794 509 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 171 044 509 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 250 000 мың теңге;

5) тапшылық - 918 645 546 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 2,3 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 918 645 546 мың теңге.

2-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 21 275 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 4 585 410 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.»;

«8-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 480 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;

«10-бап. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері - 19 966 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 9 983 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 20 782 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 852 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19 966 теңге болып белгіленсін.

2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге;

2) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 21 736 теңге болып белгіленсін.»;

2) мынадай мазмұндағы 11-1 және 12-1-баптармен толықтырылсын:

«11-1-бап. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін арттыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;

«12-1-бап. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы белгіленсін.»;

3) 14, 15, 21, 26 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«14-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне:

1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға;

3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

4) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;

5) халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге;

6) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға;

7) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;

8) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;

9) көліктік инфрақұрылымның басым жобаларын қаржыландыруға;

10) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеуге;

11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

12) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға;

13) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу- өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;

14) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;

15) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға;

16) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға;

17) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;

18) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;

19) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

20) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға;

21) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және (немесе) оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізіңде айқындалады.

15-бап. Мынадай:

1) ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу;

2) қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;

3) кәсіптік стандарттарды әзірлеу;

4) «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеу бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;

«21-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылға арналған резерві 104 090 308 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

«26-бап. 2014 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 5 673 012 237 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;

«28-бап. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 279 800 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;

4) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы наурыздың 31-і.

№ 182-V

 

«2014 - 2016 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2014 жылғы 31 наурыздағы

Қазақстан Республикасының

№ 182-V ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

«2014 - 2016 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2013 жылғы 3 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының

№ 148-V ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2014 жылға арналған республикалық бюджет