(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2013.03.12 № 148-V ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы

2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

 

Осы редакция 2014 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 Қаулысын қараңыз

 

1-бап. 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 5 698 070 830 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 3 938 400 348 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 75 094 992 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 15 954 370 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 1 668 621 120 мың теңге;

2) шығындар - 6 464 542 711мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 43 692 659 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 118 050 140 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 74 357 481 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо -132 232 370 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 133 482 370 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 1 250 000 мың теңге;

5) тапшылық - -942 396 910 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,4 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 942 396 910 мың теңге.

 

2-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 595 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 792 258 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2014 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

 

4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:

1) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

2) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.

Бұл ретте, салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;

3) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiпкелген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;

4) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.

 

5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, балатуған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуі нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

 

6-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 132 020 646 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Атырау облысынан - 51 211 260 мың теңге;

Маңғыстау облысынан - 10 079 859 мың теңге;

Алматы қаласынан - 70 729 527 мың теңге.

 

7-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 6 600 474 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.

 

8-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферттің мөлшерi 1 380 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.

 

9-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға 150 000 000 мың теңге сомасында нысаналы трансферт көзделсін.

 

10-бап. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi - 19 966 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi - 9 983 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 20 782 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзгеде әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтармен басқада төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 1 852 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төменгi күн көрiс деңгейiнiң шамасы 19 966 теңге болып белгiленсiн.

 

11-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

12-бап. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.

 

13-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне берiлетiн субвенциялар көлемi 978 095 805 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Ақмола облысына - 64 076 449 мың теңге;

Ақтөбе облысына - 29 375 815 мың теңге;

Алматы облысына - 121 290 353 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына - 93 509 287 мың теңге;

Жамбыл облысына - 95 698 341 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына - 36 321 405 мың еңге;

Қарағанды облысына - 50 464 021 мың теңге;

Қостанай облысына - 63 071 219 мың теңге;

Қызылорда облысына - 83 978 668 мың теңге;

Павлодар облысына - 21 509 170 мың теңге;

Солтүстiк Қазақстан облысына - 59 913 017 мың теңге;

Оңтүстiк Қазақстан облысына - 254 747 394 мың теңге;

Астана қаласына - 4 140 666 мың теңге.

 

14-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:

1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

2) халықты әлеуметтiк қорғауға және оған көмек көрсетуге;

3) «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға;

4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;

5) көліктік инфрақұрылымның басым жобаларын қаржыландыруға;

6) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;

7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

8) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға;

9) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;

10) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;

11) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға;

12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;

13) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) оларды пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

15-бап. Мынадай:

1) ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу;

2) қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;

3) Қазақстан Республикасын әлеуметтік жаңғырту шеңберінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және зерттеулер жүргізу;

4) «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берiлген, таратылған шахталардың қызметкерлерiне келтiрiлген зиянды өтеу бағыттары бойынша iске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

16-бап. Мынадай:

1) облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредиттеу;

2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу;

3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу бағыттары бойынша іске асырылатын «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

17-бап. Мынадай:

1) кәсіпкерлікке микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерді кредиттеу;

2) жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

3) жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру;

4) ағымдағы жайластыру бағыттары бойынша іске асырылатын Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

18-бап. Жұмыспен қамту-2020 жол картасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

19-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2014 жылға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

20-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

21-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылға арналған резервi 59 690 308 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.

 

22-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 054 370 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 638 230 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

 

23-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы болған күннен бастап алты ай ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы табыс етуі туралы кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды іске асыру көзделсін, ол аталған шарт сақталмаған кезде түзетілуге жатады.

 

24-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 296 560 мың теңге көзделсiн.

 

25-бап. 2014 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 60 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

26-бап. 2014 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 5 712 996 910 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

27-бап. 2014 жылы мемлекеттiң кепiлгерлiктер беру лимитi 116 780 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

28-бап. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 157 280 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

29-бап. 2014 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

 

2014 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.

 

30-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы желтоқсанның 3-і.

№ 148-V

 

«2014 - 2016» жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

2013 жылғы 3 желтоқсандағы

№ 148-V ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2014 жылға арналған республикалық бюджет