(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИН. 2013...

Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы

 

Осы редакция 2014 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған оралман мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.

2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә.Сарбасов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ.Егембердіге жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2013 жылғы 22 шілдедегі

 № 329-ө-м бұйрығымен бекітілген

 

 

Оралман мәртебесін беру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Оралман мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.