Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық
құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдау жиынтық құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б.Қ. Тортаев) мен Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.