11. Бақылау және қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам):
1) отыз жұмыс күнінен асатын мерзіммен зерттеулер, сынақтар және сараптамалар жүргізілген жағдайда (қорытынды алынғанға дейін);
2) отыз жұмыс күнінен асатын мерзіммен үшінші тұлғалардан мәліметтер мен құжаттарды алу қажет болған кезде (оларды алғанға дейін);
3) тексеру жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде тексеруді бір рет қана тоқтата тұруы мүмкін.
Тексеруді тоқтата тұру тексеру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау және қадағалау субъектісіне хабарлама табыс ету арқылы тексеруді тоқтата тұру туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі және тоқтата тұру себептері көрсетіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тексеруді тоқтата тұру негіздері тоқтатылғаннан кейін тексеру тоқтата тұру мерзімінен бастап қайта басталады.
Тексеруді қайта бастау тексеруді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау және қадағалау субъектісіне хабарламаны табыс ету арқылы тексеруді қайта бастау туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді қайта бастау күні көрсетіледі.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеру мерзімін ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы тексерулер актілері мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - тексеру мерзімін ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілерде оларды алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына электрондық тәсілмен жіберілсе, тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
Ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы мәліметтер бақылау және қадағалау органының ақпараттық жүйесінде немесе бақылау және қадағалау органының тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.
12. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы акт, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда - анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама, жедел ықпал ету шараларының талаптарын бұзушылықтар болған кезде - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт шығарады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін бақылау және қадағалау субъектілері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
13. Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні мен орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (болған кезде тексеру мерзімін ұзарту, тексеруді тоқтата тұру және тексеруді қайта бастау туралы актілердің) күні мен нөмірі;
4) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, бақылау және қадағалау субъектісінің тексеру жүргізу кезінде қатысқан өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы мәліметтер;
8) тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;
9) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандардың, консультанттардың және сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы (қажет болған жағдайда);
10) бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы көрсетіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.
14. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күні мен орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның орналасқан жері, бақылау және қадағалау субъектісінің тексеру жүргізу кезінде қатысқан өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, оның ішінде жедел ықпал ету шараларының талаптарын бұзушылықтар;
6) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар және оларды жою мерзімдері;
7) бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартқаны;
8) бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар болған кезде оларға жүргізілген зерттеулердің, сынақтардың, сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото - және бейнеаппаратураның жазбалары) қоса беріледі.
15. Тексеруді тағайындау, тексеру нәтижелері, тексеруді ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау туралы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актілердің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
16. Тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.
Тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісіне танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін тапсырылады, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісіне мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - тексеру нәтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада оларды алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына электрондық тәсілмен жіберілсе, тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
17. Бақылау және қадағалау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту және қайта бастау туралы тексеру актілерінде) көрсетілген тексеру аяқталатын мерзімнен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актінің табыс етілген күні тексеру мерзімінің аяқталғаны деп есептеледі.
18. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі не оның уәкілетті өкілі оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
19. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем емес мерзімге айқындалады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау және қадағалау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;
2) пайдаланылатын бақылау және қадағалау объектілерінің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда тиісті рұқсат алу немесе «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді, құжаттарды беру мерзімдері ескерілуі мүмкін.
20. Қосымша уақыттық және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі өзіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына, жедел ықпал ету шараларының талаптарын бұзушылықтарды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері мен уақыттық және қаржылық шығындар бойынша негіздемесі көрсетілген оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса беріп, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен (анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзім) жүгінуге құқылы.
Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.
Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде баяндалған дәлелдерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы, өзге мерзімді белгілеу туралы немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында (болған кезде) белгіленген мерзім ішінде тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы түбегейлі ақпарат беруге міндетті.
Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды, фото және бейнематериалдарды қоса береді.
Бұл жағдайда осы Заңның 39-2-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізілмейді.
22. Бақылау және қадағалау субъектісі тексеру қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Тексеру нәтижелерінің жарамсыз деп танылуы олардың ішінара не толық көлемде күшінің жойылуына негіз болып табылады.
23. Тексерулер бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) жұмыскерлерінің және халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, дереу жоюды талап ететін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтардың жолын кесу қажеттілігіне байланысты жұмыстан тыс уақытта (тәуліктің түнгі уақыты, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
Жұмыстан тыс уақытта тексеру жүргізу жөніндегі шешім бақылау және қадағалау органы басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен рәсімделеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-4-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-4-бап. Тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу
Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты қолданылатын тыйым салу-шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ықпал ету шараларын прокурормен мына мәселелер бойынша келіседі:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу;
2) рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу);
3) рұқсат беруден бас тарту не оның қолданылу мерзімін ұзарту;
4) бақылау және қадағалау органының инвесторлар тізіліміне енгізілген инвестордың пайдасына бұрын шығарылған шешімінің күшін жою (кері қайтарып алу).
Прокурормен келісудің қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы бақылау және қадағалау органы инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторды хабардар етеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-5-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-5-бап. Бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде:
1) осы Заңның 39-3-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге немесе тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио -, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) тексеру нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото - және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын, сондай-ақ лауазымды адамдарын тартуға;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінуге және істерді сот қараған кезде қатысуға құқылы.
2. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарының тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюына және өтініштермен жүгінуіне тыйым салынады.
3. Тексеру жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау және қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы Заңда белгіленген тәртіп негізінде және қатаң түрде соған сәйкес жүргізуге;
3) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі жасамауға, тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) бақылау және қадағалау субъектісіне тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпарат беруге;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы актіні, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда - анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы, жедел ықпал ету шараларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы актіні тиісті түрде табыс етуге;
8) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-6-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-6-бап. Бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау және қадағалау субъектісі не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізу кезінде:
1) бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеру жүргізудің жиілігі сақталмаған;
осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімін ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілерінде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы Заңның 39-2-бабы 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы өзіне қатысты бұрын сол бір мәселе бойынша және сол бір кезеңде тексеру жүргізілген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру тағайындаған;
жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарда, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезеңге тексеру тағайындаған;
тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау және қадағалау субъектісі көрсетілген;
осы Заңның 39-7-бабының 2-тармағында белгіленген өрескел бұзушылықтар болған жағдайда тексеруге жібермеуге;
2) егер тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, құжаттар мен мәліметтерді ұсынбауға;
3) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау және қадағалау органының немесе бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының қызметіне кедергілер келтірмей, аудио -, фото- және бейнетехника көмегімен тіркеп-белгілеуге;
6) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге үшінші тұлғаларды қатысуға тартуға құқылы.
2. Бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізген кезде:
1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
5) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
7) бақылау және қадағалау объектісіне тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік ықпал ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
8) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі тексерудің белгіленген мерзімдерінде бақылау және қадағалау объектісі орналасқан жерде болуға міндетті.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-7-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-7-бап. Өрескел бұзушылықпен жүргізілген тексерудің жарамсыздығы
1. Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді өрескел бұзушылықпен жүргізсе, тексерулер жарамсыз деп танылады.
2. Өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру мерзімдерінің сақталмауы;
4) тексеру жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;
5) бақылау және қадағалау органының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексеруді тағайындауы.
40-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдарда өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жұмыскерлерге, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің тәуекелін бар мүмкіндігінше азайту мақсатында жүзеге асырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мыналар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері болып табылады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
4) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау;
5) қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың штаттық режимін және қауіпті техникалық құрылғылардың техникалық жай-күйін сақтау;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) ғимараттарды, құрылысжайлар мен жабдықтарды пайдалануға дайын күйде күтіп-ұстау;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу графиктерін сақтау.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау ұйым басшысының бұйрығымен бекітілетін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт негізінде жүзеге асырылады.
Ұйымның нормативтік актісінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері қамтылуға тиіс.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары:
1) ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуге;
2) жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге дайындық жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жұмыскерлердің назарына жеткізуге;
7) ұйым басшысына:
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуіне алып келуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру;
өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы ұсыныстар енгізуге;