кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзуге ерiктi негiзде халықты, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды, олардың келiсiмімен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;
төтенше жағдай аймағында эвакуациялық iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығыстарды кейіннен өтей отырып, ұйымдардың материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстарын тартады;
төтенше жағдайлардың өршуіне және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың барысына байланысты басқа да қажеттi шараларды қолданады.
51-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту
1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын төтенше жағдайларды жоюға тартуды азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басшылары немесе олар уәкілеттік берген лауазымды адамдар өз құзыреттері шегінде:
1) төтенше жағдайлар туындаған және өршіген кезде;
2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларына сәйкес;
3) аумағында төтенше жағдай қалыптасқан мемлекеттік органның немесе ұйымның сұрау салуы бойынша жүзеге асырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қауіпті өндірістік объектілерге шарт негізінде қызмет көрсететін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін төтенше жағдайларды жоюға тарту қызмет көрсетілетін объектілердің қажетті қорғалу деңгейін қамтамасыз ететін күштер мен құралдардың жеткілікті саны міндетті түрде сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-бап. Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану
Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
53-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына өз қызметін жүзеге асыруына жәрдемдесу
1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар төтенше жағдайлардың аймақтарына бара жатқан, төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізіп жатқан және орналасқан жеріне қайтып келе жатқан авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына барынша жәрдем көрсетуге мiндеттi.
2. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзетін жерге бара жатқан кезде кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының жедел көлiгi, оның iшiнде уақытша тартылған және жалға алынған жедел көлiгі кедергiсiз жүріп өту құқығын, әуеайлақтарда, автожанармайқұю станцияларында, теңiз және өзен порттарында жанар-жағармай материалдарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станцияларында, әуеайлақтарда, теңiз және өзен порттарында жөндеу жұмыстарын бiрiншi кезекте жүргiзу құқығын пайдаланады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 53-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
53-1-бап. Төтенше жағдайларды жою кезінде көлікті пайдалану
1. Төтенше жағдайларды жою кезінде төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігі (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) пайдаланылуы мүмкін. Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар төтенше жағдайларды жою басшысына көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне және агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне шектеулі қолжетімділіктің берілуін қамтамасыз етеді.
54-бап. Уәкілетті органның жедел резерві
Уәкілетті органның жедел резерві күні бұрын құрылады және төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың бірінші кезектегі тіршілігін қамтамасыз етуге және шұғыл медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған.
55-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау мемлекеттік резерв болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
56-бап. Төтенше жағдайларды жою кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар
Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде: төтенше жағдай аймағы мен зақымдау ошағын барлау, өрттерді оқшаулау және сөндіру, үйінділерден, бұзылған, жанып жатқан ғимараттар мен құрылыстардан, газ тараған, су басқан және түтінге оранған үй-жайлардан зардап шеккендерді іздеу және алып шығу (қоршаудан шығару), зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және өмірін сақтап қалуға жағдай жасап, қауіпсіз аудандарға оларды эвакуациялау, сондай-ақ материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-қимылдар жүргізіледі.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз жағдайлар жасау мақсаттарында төтенше жағдай аймағында сұйық отын, газ, электр энергиясы мен су беру көздерін авариялық сөндіру жүргізіледі.
Кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде төтенше жағдай аймағына азаматтық қорғау күштері мен құралдарын кіргізу маршруттарын жабдықтау, құлау қатері бар немесе авариялық-құтқару жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге кедергі келтіретін ғимараттар мен құрылыстардың конструкциясын бекіту немесе құлату, коммуналдық-энергетикалық желілердің жекелеген учаскелерін қалпына келтіру, халықтың бірінші кезектегі тіршілігін қамтамасыз ету үшін мүлікті жеткізу, аумақты санитариялық тазалау, сондай-ақ зардап шеккендерді уақытша орналастыру үшін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты өзге де мақсаттар үшін зақымданған ғимараттар мен құрылыстарды ішінара қалпына келтіру жүргізіледі.
Төтенше жағдайларды жою кезінде кезек күттірмейтін жұмыстар қысқа мерзімдерде орындалады және авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанға дейін жүргізіледі.
11-тарау. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 57-бап өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57-бап. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу
Инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үйді қалпына келтіру, қоршаған ортаны сауықтыру, халыққа әлеуметтік-оңалту көмегін көрсету жөніндегі іс-шаралар жүргізуді төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымына қарай орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде басшылық осы Заңның 49-1-бабында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде көлікті пайдалану Республикалық жедел штабтың шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 58-бап өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-бап. Жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу
Жеке тұлғалар денсаулығына зиян келтірілуіне не жақын туыстарының қайтыс болуына байланысты нұқсанның өтелуін талап етуге құқылы.
Жеке және заңды тұлғалар өздерінің мүлкінің жеке немесе заңды тұлғалардың қызметінен туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді зиян (нұқсан) келтіруші ерікті түрде немесе сот шешімі бойынша жүргізеді.
Жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтелуге жатады.
Зиян (нұқсан) келтірушілер жерді рекультивациялау мен жердің табиғи құнарлылығын қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды қоса алғанда, қоршаған ортаға келтірілген нұқсанды өтеуге міндетті.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлармен жеке тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян (нұқсан) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, зардап шеккендердің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шекте өтеледі.
Салынған тұрғын үй төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйі тұруға жарамсыз болған азаматтарға өтеусіз негізде беріледі.
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын, уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де салынған құрылыстар, сондай-ақ заңсыз салынған объектілер;
2) бағалы киім, сән-салтанат заттары не бағалы металдардан жасалған, көркемдік құндылығы бар заттар өтелуге жатпайды.
Жеке және заңды тұлғалардың төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтелуге жатады.
Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының нұқсан келтірушіден жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде сақтандыру төлемін өтеуді талап етуге құқығы бар.
6-БӨЛІМ. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
12-тарау. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 59-бап жаңа редакцияда
59-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрттің алдын алуды және оны сөндіруді, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, оның ведомствосынан, аумақтық органдарынан және уәкілетті органның білім беру ұйымдарынан тұрады.
60-бап. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі
1. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі - бұл өрт пен одан келтірілетін зиянды (нұқсанды) болғызбауға бағытталған, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызметтің күштері мен техникалық құралдарының жиынтығы.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, салалық өртке қарсы қызметтерді, кəсіби өртке қарсы қызметтерді, өртке қарсы ерікті құралымдарды, өрт сөндіру-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, уәкілетті органның білім беру ұйымдарын, өрт сөндіру-техникалық өнiмдер шығаратын кәсiпорындарды қамтиды.
3. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ведомствоішілік қызметінің міндеттері мен функциялары уәкілетті органның басшысы бекітетін қағидаларда, нұсқаулықтарда регламенттеледі.
61-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу
1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтық реттеу - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде орындалуы мiндеттi өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлеу.
2. Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өрт қауiпсiздiгi талаптары қамтылатын техникалық регламенттер, өрт қауiпсiздiгiнің қағидалары, нұсқаулықтар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлері жатады.
3. Өнімге және (немесе) оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
62-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ өрттердің шығу себептерін талдау және оларға қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупін бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектілер үшін, оның ішінде оларды жобалау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеуде және іске асыруда өрттер кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін шешімдер міндетті түрде көзделуге тиіс.
Өндірістік объектілер үшін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді көздейтін өрттерді жою жоспарлары міндетті түрде әзірленеді.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 62-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
62-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сақтандыру
1. Өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілер тізбесіне кіретін объектінің иесі үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты болмаған кезде өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілер тізбесіне кіретін объектілердің қызметіне жол берілмейді.
2. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты сақтандырушы мен адамдар жаппай болатын объектінің иесі арасында осы Заңның талаптарына сәйкес және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жазбаша түрде жасалады.
3. Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру объектісі болып табылады.
Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап он екі ай мерзімге жасалады.
4. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіруге алып келген адамдар жаппай болатын объектіде өрт шығу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
5. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оны төлеу тәртібі мен мерзімдері адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шартында айқындалады.
6. Адамдар жаппай болатын объектідегі өрт салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтандыру жағдайының басталу фактісі тараптардың келісімімен немесе соттың шешімімен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартының талаптарына сәйкес белгіленеді.
7. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімімен айқындалады және адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жетпіс бес мың еселенген сомасын құрауға тиіс.
8. Әрбір үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері (сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді және кемінде мыналарды құрайды:
1) әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген және мыналарға алып келген зиян үшін:
өлім - бес мың;
мүгедектікті белгілеу:
бірінші топ - төрт мың;
екінші топ - үш мың;
үшінші топ - бір мың бес жүз;
бала - үш мың;
мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге арналған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жеті жүз елуден көп емес;
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ бір мың бес жүзден көп емес;
3) бір мезгілде екі және одан көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге бір мың бес жүзден көп емес. Барлық жәбірленуші бойынша мүлік жөнінде сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері он мың айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Жәбірленушілердің мүлкіне келтірілген зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиян дәрежесіне мөлшерлес жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру төлемі жүзеге асырылған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартында белгіленеді.
9. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың өзге де шарттары үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 62-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
62-2-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін сараптама ұйымында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның ведомствосы берген аккредиттеу аттестаты болуға тиіс.
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит дара кәсіпкер немесе заңды тұлға мен сараптама ұйымы арасында жасалған өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге арналған шарт негізінде жүргізіледі.
4. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу мерзімі үш айдан аспайды.
5. Сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиттің нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қорытынды жасайды. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қорытындысының көшірмесі берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық органына ұсынылады.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қорытындысының көшірмесін ұсынбау, уақтылы ұсынбау, анық емес ақпаратты қамтитын өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қорытындысының көшірмесін ұсыну, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиттің көрінеу жалған қорытындысын ұсыну Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
6. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Аккредиттеу аттестаты мынадай жағдайларда қолданысын тоқтатады:
1) уәкілетті органның ведомствосына аттестаттың қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде жүгіну;
3) дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуы;
4) аккредиттеу аттестатынан айыру.»;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Өрттерді сөндіру өрттерді жоюға, адамдар мен жеке және заңды тұлғалардың мүлкін құтқаруға бағытталған іс-қимылдарды білдіреді.
Елді мекендердің аумақтарындағы, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктің тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі өрттерді сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы және қорғаныс, әуе, ішкі су және теміржол көлігі объектілеріндегі өрттерді сөндіру үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметті тарту және салалық өртке қарсы қызметтермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті орган мен тиісті мемлекеттік органдар арасындағы келісімдермен регламенттеледі.
Орман өрттерін сөндіру үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметті тарту тәртібі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 65-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның басшысы өртке қарсы қызметтердің барлығына қатысты аға жедел бастық болып табылады.