Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 1010 Қаулысы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 1010 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға
жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу тәртібін айқындайды.
2. Шығыстарды өтеу меншік құқығын сақтау және көлігі төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға пайдаланылған көлік иелеріне экономикалық зиян келтіруге жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығыстарын өтеу тәртібі
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.