1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде жүргізген жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындауға арналған шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Мұндай шығыстардың тізбесі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдар сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
С1 + С2
S = ------------ * V3, мұнда:
V1 + V2
S - амортизациялық аударымдар сомасы;
C1 -амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны;
C2 - ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар;
V1 - уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі;
V2 - салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі;
V3 - салық кезеңіндегі уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны болып 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығыстар сомасы танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің басындағы құны қосу
ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар, алу
салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.
2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі болып танылады.
2009 жылдан кейінгі келесі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын нақты көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі қосу
салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемдері аяқталған уран қорларының нақты көлемі, алу
салық кезеңіндегі уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жеке тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңінде шегерімге жатады.
112-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерім
1. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға іс жүзінде шеккен шығыстары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде шегерімдерге жатқызылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, коммерциялық табудан кейін өндіру басталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде осы Кодекстің 111-бабында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.
3. Осы баптың мақсатына орай жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар деп:
1) қазақстандық кадрларды оқытуға - Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сома, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады;
2) өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға - өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға жұмсалған шығыстар, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады.
113-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегеру
Теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерімге жатады.
Бағамдық айырманың сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 114-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 114-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
114-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салық кезеңінде мыналар:
1) есепті салық кезеңінде, есепті салық кезеңі және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте;
2) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде, есепті салық кезеңі үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерімге жатады.
Бұл ретте салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің төленген сомалары осы Кодекстiң 599 және 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жүргiзілгені ескеріле отырып айқындалады.
Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген корпоративтік табыс салығы мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар;
3) жеңiлдiктi салық салынатын елдерде төленген салықтар;
4) үстеме пайдаға салынатын салық шегерімге жатпайды.
115-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар
Мыналар:
1) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сот жарамды деп таныған мәмілелер бойынша шығыстарды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот белгілеген қылмыстық қызмет басталған күннен бастап жүргізілген шығыстар;
3) осы Кодекстің 579-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушімен уәкілетті органның ресми сайтында деректер жарияланған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
4) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасады деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша шығыстар;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар;
5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қоспағанда, бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар);
6) осы Кодексте шегерімге жатқызу нормалары белгіленген шығыстардың көрсетілген нормаларды қолдана отырып есептелген шегерімнің шекті сомасынан асып кету сомасы;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасында белгіленген мөлшерден тыс есептелген (есепке жазылған) және төленген, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;
8) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін сатып алу, өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және олардың құнына енгізілетін басқа да шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар;
9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде беретін мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
10) есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 267-бабын қолданатын салық төлеушіде туындайтын, салық кезеңі ішінде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі;
11) осы Кодекстің 106, 107-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда, резервтік қорларға аударымдар;
12) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілетін тауарлық-материалдық қорлардың құны;
13) өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы;
14) осы Кодекстің 87-бабына сәйкес салық төлеушінің амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатын шығындары шегерімге жатпайды.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 64-бабына сәйкес 115-бап екінші бөлікпен толықтырылды
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:
осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған ақша түріндегі;
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.
§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
116-бап. Тіркелген активтер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тіркелген активтерге жатады:
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, түскен кезде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің (құқық мирасқорының немесе концессия шартын iске асыру үшiн тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаның) иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;
3) осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
4) табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.
2. Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:
1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес салық салу мақсатына орай ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) мыналарды:
осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;
осындай активтерді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша ескеруге орай амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;
4) сәулет және өнер ескерткіштері;
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: концессия шарты шеңберінде құрылған және (немесе) концессионер алған концессия объектілері болып табылатын автомобиль жолдарын қоспағанда, автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;
6) аяқталмаған күрделі құрылыс,
7) фильмқорына жататын объектілер;
8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;
10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерiмдер құқығы берiле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды(2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
11-1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн шегерiмге жатқызылған құн бөлiгiнде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтiк табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген активтер;
12) осы Кодекстің 118-бабының 13-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осындай объектілер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішіндегі преференция объектілері;
13) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтер.
117-бап. Құндық балансты айқындау
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: