(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда - оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:

осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бірге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:

тұрғын үй жалдау бойынша;

осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;

11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құны;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

13) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;

15) төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;

18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді

19) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркелуге жататын және меншiк құқығында бір жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20) тармақша өзгертілді

20) меншік құқығын тіркеу күнiнен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жалдау шарты бойынша төлем есебіне есептелмейтін, жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;

25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстiң 102-бабына сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстар.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

28) заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң өз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай:

қарыз алушы - жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;

қарыз алушы - жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға қайтыс болған;

асыраушысынан айырылу жағдайларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы — жеке тұлғада кіріс, жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, олар бір жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуға байланысты, көрсетілген төлемдерден басқа кіріс болмаған жағдайларда;

қарыз алушы - жеке тұлғада және қарыз алушы - жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ және субсидиялық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе өндіріп алынуы мүмкін кірістер болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге берілген мүлікті негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің сомасына сатқан немесе мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда кредит (қарыз) жөніндегі азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелердің тоқтатылуы кезіндегі кіріс.

Осы баптың ережелері:

банк қызметкеріне, банк қызметкерінің жақын туыстарына, банктің өзара байланысты тарапына берілген;

талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.

 

156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар

1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:

1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) жеке тұлғалардың лицензия негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;

5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) бір мезгiлде мынадай:

дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің олар бойынша дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;

дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

дивидендтер төлеу күніне дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын құрайтын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.

Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бір бөлiгi;

құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде салған мүлкін қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтер бойынша қолданылады.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;

Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;

2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңына сәйкес 8) тармақшаның қолданысы 2011 жылғы 29 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде 8) тармақша аталған Заңның 3-бабының редакциясында қолданылады

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындаумен байланысты, құқық қорғау органы қызметкерінің (кеден органының қызметкерін қоспағанда) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, табыстары;

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды

8-2) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қызметтік міндеттерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда) атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

9) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу күнi қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлем күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)

11) егер осы тармақтың 11-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)  

11-1) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;

12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін төлемдер;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) мыналардың:

Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;

I, II, III топтардағы мүгедектердiң;

мүгедек баланың;

«мүгедек бала» деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуінің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;

Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды;

14) 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

15) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;