Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 Қаулысы
(2012.24.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
Осы қаулының 3-тармағының он үшінші, елуінші, елу бірінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші абзацтары, 4-тармағының он екінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, 5-тармақтың он үшінші, елуінші, елу бірінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші абзацтары, 6-тармақтың тоғызыншы, отызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.