«Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 101 бұйрығы (күші жойылды)

«Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 101 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығымен күші жойылды

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 148-бабы 2-тармағына, 162-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6753 тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 8 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке сот орындаушылары, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне қарай өзінің қызметі туралы ақпаратты ұсынып отырсын.

Жеке сот орындаушылары өзінің қызметі туралы ақпаратты бекітілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіштерде және «Атқарушылық іс жүргізуді есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесінде» электронды түрде берсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларының ақпаратты ұсыну нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.