Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығы
(2015.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2015.27.02. № 126 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 148-бабының 2-тармағына, 162-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2015.27.02. № 126 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.
ҚР Әділет министрінің м.а. 2014.07.03. № 101 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.27.02. № 126 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жеке сот орындаушылары өзінің қызметі туралы ақпаратты жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне қарай ұсынсын.
Жеке сот орындаушылары өзінің қызметі туралы ақпаратты бекітілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіштерде және Атқарушылық іс жүргізуді есепке алу автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық түрде берсін.
ҚР Әділет министрінің 2015.27.02. № 126 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жинақталған деректерді Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына және аумақтық органға тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың төртінші күніне ұсынып отырсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.