Жеке сот орындаушыларымен, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 148-бабының 2-тармағына, 162-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушыларымен, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Жеке сот орындаушылары бұйрыққа қоса берілген нысанға сәйкес, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне өзінің қызметі туралы ақпаратты ұсынып отырсын.
3. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары жинақталған деректерді жеке сот орындаушыларының Республикалық алқасына және аумақтық органға тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың төртінші күніне ұсынып отырсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.