(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2011.20.01 № 16 БҰЙРЫҒЫ

Жеке сот орындаушыларымен, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығы

(2014.07.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 148-бабының 2-тармағына, 162-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушыларымен, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқаларымен ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.

ҚР Әділет министрінің м.а. 2014.07.03. № 101 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жеке сот орындаушылары, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың екінші күніне қарай өзінің қызметі туралы ақпаратты ұсынып отырсын.

Жеке сот орындаушылары өзінің қызметі туралы ақпаратты бекітілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіштерде және «Атқарушылық іс жүргізуді есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесінде» электронды түрде берсін.

3. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары жинақталған деректерді жеке сот орындаушыларының Республикалық алқасына және аумақтық органға тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың төртінші күніне ұсынып отырсын.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2014.07.03. № 101 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2011 жылғы 20 қаңтардағы

№ 16 бұйрығымен бекітілген

 

Нысан

 

 

1-кесте «Жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындау жұмысы туралы»

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.