«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

16. Осы баптың 15-тармағында көрсетілген талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою кезінде техникалық қарап тексеру операторы

механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторына бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты береді.

Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген техникалық қарап тексеру операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтері көрсетіледі.

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 89-бап жаңа редакцияда

89-бап. Техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібі

1. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық қарап-тексеру операторларының қызметіне рұқсаттар береді.

2. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді.

3. Техникалық қарап-тексеру операторлары көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін:

1) дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуге;

2) осы баптың 2-тармағына сәйкес көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсат беру талаптарына сай келуге тиіс.

4. Жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде заңды тұлғаның құрылтайшылары (акцияларының бақылау пакеті бар акционерлері) және (немесе) дара кәсіпкерлер техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айырылған кезден бастап келесі үш жыл ішінде техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған жаңа рұқсат алуға өтініш беруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны - техникалық қарап-тексеру операторын құруға не оған қатысуға құқылы емес.

 

90-бап. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

91-бап. Техникалық қарап тексеру операторларының құқықтары мен міндеттері

1. Техникалық қарап тексеру операторлары:

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) техникалық қарап тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайы мен аумағының ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

2) біліктілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін қызметкерлерге міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуге рұқсат беруге;

3) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезіндегі жұмыстарды орындау процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;

4) көлік құралдары иелерінің өтініші бойынша механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты өзге де мәліметтерді хабарлауға;

5) қарап тексерілген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтерді электрондық түрде есепке алуды жүзеге асыруға;

6) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлауға;

7) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер беруге;

8) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органды техникалық қарап тексеру орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы күнтізбелік бес күн ішінде хабардар етуге;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу үшін шығу графигін жасауға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

2. Техникалық қарап тексеру операторларына:

1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ белгіленген талаптар бұзыла отырып, қайта жабдықталған, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге;

2) міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тартуға;

3) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу шарттарын өзгертуге;

4) көлік құралының иесінен міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге байланысты қосымша сыйақы талап етуге тыйым салынады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 92-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 92-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

92-бап. Міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау

Техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

 

 

14-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

93-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Жол жүрісі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

94-бап. Айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін, жол жүрісі саласындағы қызметтен келтірілген зиян үшін жауаптылық

1. Жеке және заңды тұлғалардың жол жүрісі саласындағы қызметі айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін қызметке (жол жүрісі саласында тәуекелдері бар ұйымдар, көлік құралдарының иелері және тағы басқалар), ал көлік құралдары мен жолдар жоғары қауіптілік көзіне жатқызылады.

2. Қызметі жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар жоғары қауіптілік көзінен келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.

 

95-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 17-і.

№ 194-V