«Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 48 Бұйрығы

«Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 48 Бұйрығы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 187-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 8 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында (бұдан әрі - Қағида):

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу, қарыз алушылардың шаруашылық қызметі шығындарының орнын толтыру, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу мақсаттарына берілмейді.

Заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған ақша нысанында көрсетілген ысырап, материалдық және ақша ресурстарын азайтуға әкеп соқтыратын шығыстардың кірістерден асып кетуі шаруашылық қызметінің шығындары деп түсініледі.»;

мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6 және 10-7 тармақтармен толықтырылсын:

«10-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.