Бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығы
(2017.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 16 ақпандағы № 61 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.12.08. № 300 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 187-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.12.08. № 300 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) мен Заң департаменті (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.