«Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 тамыздағы № 300 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 тамыздағы № 300 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 16 ақпандағы № 61 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5727 болып тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің жинағының № 8 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Инвестициялық жобаларды іске асырған кезде бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі мынадай реттілікпен айқындалады: түпкілікті қарыз алушылар үшін - қарыз алушылар үшін. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін кірістілік мөлшерлемесі және қарыз алушылардың маржасына салынатын параметрлердің шамалары бойынша есептер мен негіздемелерді ұсынады.

Түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне байланысты есеп айырысу жолымен белгіленеді және ішкі кірістілік нормасының мәніне тең болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.