«Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 115 бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 187-бабы 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылға 16 шілдедегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 8 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Н.А.Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә.Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың әрекеті ол қолданылуға енгенге дейін туындаған қатынастарға таралмайда.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.