Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 204 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7857 тіркелген, 2012 жылғы 3 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 642-647 (27719) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.