Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығы
(2026.01.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.21.04. № 11-1-4/232 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-2 бабының 2 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысаны бекітілсін.
2. Халықаралық құқық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.21.04. № 11-1-4/232 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (2026 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 08-1-1-1/70 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Халықаралық шартты жасасудың тұжырымдамасы