Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 612 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 612 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесінде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.»;
24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру және кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін кеме иесі Министрлікке мынадай құжаттарды береді:»;
25-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан флотының құрамында болмайтын мамандандырылған кемелерді, сондай-ақ реновация, жаңғырту және қайта жабдықтау рәсімінен өткен кемелерді қоспағанда, кеменің шығарылған уақыты 20 жылдан жоғары болған кезде бас тартылады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: