Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 Қаулысы
(2012.29.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 22 мамырдағы
№ 437 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен тықырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.29.06. № 883 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын (бұдан әрі - инспекторлар) аттестаттау өткізу тәртібін белгілейді.