Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 206 шешімі
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 8 маусымдағы № 06-01-02/286 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 106-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 182 «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген, 2014 жылғы 21 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 8-9 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер -
«112 027 819,6» деген цифрлар «120 829 271,6» деген цифрлармен ауыстырылсын, оның ішінде:
трансферттер түсімдері бойынша -
«75 807 827,6» деген цифрлар «84 609 279,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар -
«115 704 313» деген цифрлар «123 655 642» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
таза бюджеттік кредит беру -
«4 404 776» деген цифрлар «4 713 336,7» деген цифрлармен ауыстырылсын, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -
«4 606 292» деген цифрлар «4 939 592» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бюджеттік кредиттерді өтеу -
«201 516» деген цифрлар «226 255,3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -
«3 500» деген цифрлар «853 623» деген цифрлармен ауыстырылсын,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу -
«3 500» деген цифрлар «853 623» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы -
«-8 084 769,4» деген цифрлар «-8 393 330,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) тармақшасында: