Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрi Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттік органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Кеңестің мақсаты діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1109 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.