«Жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығы (2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығы

(2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.24.12. № 18-03/1111 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 245) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау қағидалары бекітілсін.

2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау ережесін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6218 болып тіркелген, 2010 жылдың 25 тамызында № 224 (26285) нөмірімен «Казахстанская правда» газетінде; 2010 жылғы № 14 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында (Тиражға шыққан уақыты 26.08.2010 ж.) ресми жарияланған);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.