«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 452 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 452 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 Қаулысымен күші жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 160-бабының 7-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 4 мамырдағы

№ 452 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы
органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау

әдістемесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің лимиттерін есептеу тетігін айқындау мақсатында 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 160-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концедент белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелерінің сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

2) мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің лимиттері - өтелмеген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жыл сайынғы төлемдерін ескере отырып, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау бойынша лимиттер белгіленетін, тиісті қаржы жылына арналған мән.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.