Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығы
(2022.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.10.11. № 652 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.05.03. № 78 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері қағидаларының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.10.11. № 652 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.