«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 652 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 652 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы»;

2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

3) көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия мүшелерінің назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

 

Е. Сағадиев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 10 қарашадағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.