Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 117 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Кадр қызметі департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Имашев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
А. Байменов
2014 ж. «_____»__________
Әділет министрінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 117 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Б»корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын
БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
1. Министрдің көмекшісі
С-3 санаты (2 бірлік), №1-0-1, 1-0-2
| Өлшемдер | Талаптар |
| Білімі | Жоғары білім: құқықтану |