«Жекешелендірудің 2014 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 429 Қаулысы (күші жойылды)

«Жекешелендірудің 2014 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 429 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қаулысымен күші жойылды  

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жешелендірудің кейбір мәселелері туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар);

2) жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесі бекітілсін.»;

мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар тізбесін бекітсін.

1-2. Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің еншілес, тәуелді ұйымдарының және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар тізбесі бекіту ұсынылсын.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:

1) Кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

2) жыл сайын, жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша (25 маусымға және 25 желтоқсанға қарай) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;

осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесімен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.