Жешелендірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 Қаулысы
(2015.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 429 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 429 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.02.07. № 763 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар);
2) жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесі;
3) Кешенді жоспарды іске асырудың нысаналы индикаторлары бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 429 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар тізбесін бекітсін.
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 429 Қаулысымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің еншілес, тәуелді ұйымдарының және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар тізбесі бекіту ұсынылсын.
ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 429 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жыл сайын, жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша (25 маусымға және 25 желтоқсанға қарай) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.