(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.31.03 № 280 ҚАУЛЫСЫ

Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Кешенді жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар:

1) Кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

2) жыл сайын жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша (25 маусымға және 25 желтоқсанға қарай) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша (10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспарлаудың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 31 наурыздағы

№ 280 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.