2014 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 69 бұйрығы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарлары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) Жоспарды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы Б.Б. Қанешевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Индустрия және жаңа технологиялар
бірінші вице-министрінің
2014 жылғы 7 наурыздағы
№ 69 бұйрығымен бекітілген
2014 жылға арналған мемлекеттік стандарттау
жоспарлары