83) күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау тәртібін айқындайды;
84) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағын айқындайды;
85) Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
86) Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын бекітеді;
87) мемлекеттік орган шегінде мүлікті беру және қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;
88) ақылы негізде жәрдем көрсететін құпия көмекшілерге сыйақы төлеу тәртібін айқындайды;
89) қарсы барлау қызметінің ұйымдастырылуын, тактикасын, нысандары мен әдістерін, тартылған күштер мен құралдарды, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, қауіпсіздік органдарымен, құқық қорғау органдарымен, халықаралық ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықтың ұйымдастырылуын және жүзеге асырылуын, құпиялылықтың және астыртын әрекет етудің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;
90) Ұлттық бейнемониториг жүйесін пайдалануға құқығы бар Мемлекеттік күзет қызметі қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлері санаттарының тізбесін айқындайды;
91) шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлерді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
92) күзет іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде, сондай-ақ күзет іс-шараларын өткізу аймағында немесе күзетілетін объектілер аумағының үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануды бұзудың жолын кесу үшін пилотсыз әуе кемелерін қолдану тәртібін айқындайды;
93) Мемлекеттік күзет қызметінде кинологиялық қызметті ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
94) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарының қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша олардың азық-түлік үлесінің нормаларын айқындайды;
95) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
96) азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына ақшалай өтемақы төлеу тәртібін айқындайды;
97) тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды;
98) құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірлесіп, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;
99) Мемлекеттік күзет қызметінің тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс тәртібін айқындайды;
100) Мемлекеттік күзет қызметінің қолданыстағы резервінің қызметкері мен әскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
101) Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне жорықтық төлемдерді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
102) резервтегі әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарысты жағдай кезінде жиындардан өту тәртібін айқындайды;
103) резервтегі әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің дағдарысты жағдай кезінде жиындар жарияланған жағдайда әскери бөлімге (мекемеге) келу мерзімі мен тәртібін айқындайды;
104) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде оған жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
94) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттігін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
22. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
23. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығына тікелей бағынатын және есеп беретін Мемлекеттік күзет қызметінің аппараты ведомство мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады, Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын ақпараттық-талдамалық, құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Мемлекеттік күзет қызметінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Аппарат басшысы басқарады.
24. Алқа Мемлекеттік күзет қызметінің алқалы органы болып табылады.
Алқаның өкілеттігі:
1) жедел-қызметтік жұмыстың барынша маңызды мәселелерін қарау;
2) жедел-қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде шараларды тұжырымдауды және олар бойынша келісілген шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету.
Алқаның шешімдері Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрығымен жарияланады. Алқаның міндеттері, өкілеттіктері, қызметінің тәртібі мен дербес құрамы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекітетін ережемен регламенттеледі.
ҚР Президентінің 2025.10.09. № 992 Жарлығымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25. Мемлекеттік күзет қызметіне кіру және қызмет өткеру тәртібі «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Айрықша мақсаттағы күштер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының әскери қызметке шақырылатын азаматтарының қатарынан жасақталады.
Айрықша мақсаттағы күштерге мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді іріктеу басым болып табылады.
27. Мемлекеттік күзет қызметінде арнайы мемлекеттік архив құрылады.
28. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін медициналық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, медициналық мүлікпен және дәрі-дәрмекпен жабдықтау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
29. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жеңілдік жағдайында жүргізіледі*.
*Ескертпе. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақылары және сауықтыру жәрдемақылары есептелетін коэффициенттерді белгілеу үшін мемлекеттік органдағы қызмет өтіліне 2020 жылғы 6 қаңтарға дейін қызмет өткерген бір айға бір жарым ай есебінен есептелген қызмет қайта есептеуге жатпайды.
30. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет атқаруы жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және өздігінен, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға негізделеді.
Күзетілетін адамдар және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өткізу барысында Мемлекеттік күзет қызметінің аға лауазымды адамы оларды өткізуге тартылған барлық адамдар үшін жедел бастық болып табылады.
4-тарау. Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкі
31. Мемлекеттік күзет қызметінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өзіндік қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
32. Мемлекеттік күзет қызметіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
33. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Мемлекеттік күзет қызметінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік күзет қызметін қайта ұйымдастыру және тарату
34. Мемлекеттік күзет қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Айрықша мақсаттағы күштердің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ
1. «Айбын» президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі.
2. «Батыр» президенттік полкі» 0111 әскери бөлімі.
3. 0116 әскери бөлімі.
Президентінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 814 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Президентінің 2015.29.12. № 152 Жарлығымен күші жойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына: (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат; 2012 ж.,№ 33, 419-құжат; 2013 ж., № 79, 1151-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
мәтін бойынша «Президенттің Күзет қызметінің бастығы» деген сөздер «Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республикалық ұланның қолбасшысы,» деген сөздер алынып тасталсын.
4. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 470 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚБП.
6. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 470 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 183-құжат; 2013 ж., № 37, 542-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Әскери қызметшінің бір әскери лауазымда болуына 5 жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери лауазымда болу уақыты оның бірінші басшысының шешімімен анағұрлым ұзақ мерзімге белгіленуі мүмкін.».
8. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат; 2010 ж., № 46, 416-құжат; 2013 ж., № 26, 409-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
23, 31, 46, 47, 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Сыртқы істер министрі мейманға Қазақстан тарапынан қарсы алушы ресми адамдарды таныстырады. Содан соң мейман Сыртқы істер министрімен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) (бұдан әрі - Объектілерді қорғау қызметі) құрметті қарауылы оның бойымен екі жағынан сапқа тұрған кілемше үстімен қысқаша әңгімелесу үшін әуежай ғимаратының VІР-бөлмесіне өтеді (әңгімелесу кезінде шай, сусын беріледі).»;
«31. Құрметті қарауыл бастығы мейманға сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындайды (мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады). Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін мейман мен Президент кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүреді, оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдіреді. Одан кейін мейман және Президент құрметті қарауыл сапының бойымен өтеді (мейман сапқа жақын жүреді), мейман басын сәл иіп құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, шағын құрамдағы кездесуге өтеді.»;
«46. Мейман бекітілген лауазымды адаммен бірге Отан қорғаушылар монументіне (бұдан әрі - монумент) келеді. Мейманды монументтің жанында құрметті қарауыл бастығы және Астана қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) қарсы алады.
47. Мейман құрметті қарауыл бастығымен бірге құрметті қарауылды бойлай өтіп, гүл шоғын көтерушілерге беттейді. Салтанатты-рәсімдік музыка ойнайды. Мейман елінің делегациясы монументтің төменгі алаңында сапқа тұрады. Гүл шоғын көтерушілер монументке қарай жүреді. Мейман олардың соңынан 1,5-2 м қашықтықта жүріп отырады. Монументтің іргесіне гүл себетін (гүл шоғын, гүлдестені) қойғаннан кейін мейман гүл себетіне (гүл шоғына, гүлдестеге) жақындап келіп, лентасын түзейді. Бір минут үнсіздік. Бұдан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалады. Мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады.
48. Содан кейін Астана қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) мейманды монумент кешенімен таныстырады. Кешенді қарап болғаннан кейін мейман құрметті қарауыл бастығымен бірге құрметті қарауыл ротасының салтанатпен жүріп өтуін қарау үшін арнайы бөлінген орынға келеді.
Содан соң мейман Астана қаласының әкімімен (әкімнің орынбасарымен) бірге ағаш отырғызатын жерге бағыт алады. Ағаш отырғызу рәсімі аяқталғаннан кейін делегация кортежге беттейді де жүріп кетеді.»;
66-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрметті қарауыл бастығы мейманға сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындайды (мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады). Мемлекеттік әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін мейман мен Президент кілемше үстімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай өтеді, оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдіреді. Одан кейін мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен өтіп (мейман сапқа жақын жүреді), бастарын сәл иіп, құрметті қарауыл бастығымен қоштасады және жүзбе-жүз кездесуге өтеді.»;
86-тармақтың бірінші бөлігі, 94, 100, 111-тармақтар, 115-тармақтың бірінші бөлігі, 119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Мейман елінің мемлекеттік туы ілінбейді, Объектілерді қорғау қызметінің парадтық есептобы сап түземейді.»;
«94. Күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік күзет қызметі) айналысады.»;
«100. Объектілерді қорғау қызметі әскери қызметшілерінің парадтық есептоптары марш әуенімен ұлықтау өткізілетін залға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Президенттің байрағын және Қазақстан Республикасының Конституциясын әкеледі.»;
«111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президент протоколының, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Президент Әкімшілігі Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.»;
«115. Президенттің жұмыс бабындағы сапар бағдарламасын дайындау және қамтамасыз ету үшін ол жерлерге алдын ала Президент протоколының, Президенттің Баспасөз қызметінің және Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері, Президент Әкімшілігінің баратын өңірді қадағалайтын мемлекеттік инспекторы барады.»;
«119. Әуежайда екі елдің мемлекеттік тулары ілінеді. Ұшу алаңында Объектілерді қорғау қызметінің құрметті қарауылы сап түзейді.»;
135-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мейман елінің мемлекеттік туы ілінбейді, Объектілерді қорғау қызметінің парадтық есептобы сап түземейді.»;
143-тармақ, 145-тармақтың бірінші бөлігі, 147, 155, 170, 186-тармақтар, 200-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«143. Күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп пен делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен Мемлекеттік күзет қызметі айналысады.»;
«145. Сыртқы істер министрлігі Премьер-Министрдің шет мемлекеттерге сапарының мерзімдерін келіседі. Сапарды ұйымдастыру үшін құрамына Премьер-Министр Кеңсесінің, Сыртқы істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.»;
«147. Ұйымдастыру мәселелерін шешу және Премьер-Министрдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірлерге алдын ала жұмыс тобы жіберіледі, оның құрамына Премьер-Министр Кеңсесінің және Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері енгізіледі.»;
«155. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелі қонақтардың қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайда бастамашы Президент Әкімшілігі Басшысының атына шетелдік делегация басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Мемлекеттік күзет қызметіне тапсыру туралы ұсыныспен хат жолдайды.»;
«170. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомствосы басшыларының елде болу уақытындағы қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.»;
«186. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелі меймандардың қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайда, бастамашы Президент Әкімшілігі Басшысының атына шетелдік делегация басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Мемлекеттік күзет қызметіне тапсыру туралы ұсыныспен хат жолдайды.»;
«200. Шет мемлекеттердің елшілері салтанатты рәсімдер залында кілемше бойымен арнайы белгіленген орынға (кілемге) өтеді. «Ақорда» Президент резиденциясының (Президент Сарайының) коменданты сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.»;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы»;
35-тармақ алынып тасталсын;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы»;
40-тармақ алынып тасталсын.
9. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат; 2013 ж., № 31, 465-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Бас прокуратура бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын басшылыққа алсын.»;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
28, 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Қорғаныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) бастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры, Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы, Бас әскери прокурор өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі Бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.
29. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі және Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы Жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.».
10. Құпия.
11. ҚБП.
12. «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 548-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережеде:
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде республикалық жедел штабқа басшылық етуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы оның бірінші орынбасары болады.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;»;
12-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Күзетілетін тұлғалардың, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдар немесе олардың аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатарынан тағайындайды.
Күзетілетін тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткізу бойынша облыстық, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штаб басшысының орынбасары күзетілетін тұлғаны алып жүретін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жоғары лауазымды адамы болып табылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жедел штабтардың күштері мен құралдарының құрамы, жедел топтарды құру тәртібі, терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізу барысындағы олардың іс-қимылдарының егжей-тегжейлі тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылға өз құзыреті шегінде қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоспардың іс-шаралары түрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттықтырулар мен тәжірибелер өткізу арқылы әзірленіп, ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен регламенттеледі.»;
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Топқа Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы жұмыс органының бастығы жетекшілік етеді. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жұмыс тобының жетекшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі құрылымдық бөлімшелері бастықтарының қатарынан тағайындалады. Жұмыс тобы терроризм актісін дайындауға немесе оны жасауға байланысты жедел жағдайды талдауды, оның одан әрі дамуын болжауды, сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеуді жүзеге асырады.».