Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығы
(2026.17.01. берілген өзгерістермен)
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 44) тармақшасын, «Мемлекеттік Статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.25.12. № 492 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған нысандар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық-профилактикалық iс-шараларды жазуға арналған журнал»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жануарлар ауруларын тiркеуге арналған журнал»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын объектiлерде еттің және субөнiмдердің ветеринариялық-санитариялық сараптамасын есепке алу журналы»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ішкi сауда объектiлерiндегi ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында ет, балық, теңiз өнiмдерiн және жұмыртқаны ветеринариялық-санитариялық сараптау журналы»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында сүт және сүт өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптауды есепке алу журналы»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында балды сараптау журналы»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық зертханаға келіп түскен биологиялық (патологиялық) материалдарды тiркеу журналы»;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Бактериологиялық зерттеулер журналы»;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Вирусологиялық зерттеулер журналы»;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Серологиялық зерттеулер журналы»;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Гематологиялық зерттеулер журналы»;