(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЕСЕП ПЕН ЕСЕПТІЛІК НЫСАНДАРЫН БЕКІТУ...

Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 44) тармақшасын, «Мемлекеттік Статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) 1-32 қосымшаларға сәйкес ветеринариялық есеп;

2) 33-45 қосымшаларға сәйкес ветеринариялық есептілік нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 25 ақпандағы

№ 16-07/114 бұйрығына

1-қосымша

 

ветесеп, № 1-вет нысан/ветучет, форма № 1-вет

 

 

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жазу журналы/Журнал для записи ветеринарно-профилактических мероприятий

 

(Тақ беті/Нечетная страница)

 

(Жұп беті/Четная страница)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.