(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЕҢБЕК Ж/Е ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИН. 2012....

Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 Бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2014 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ұлттық біліктілік шеңбері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2012 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 444 және

Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін

атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 373-ө-м бірлескен бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ұлттық біліктілік шеңбері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында айқындалған білім деңгейіне сәйкес келеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.