Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 507 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 19 мамырдағы
№ 507 қаулысымен
бекітілген
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын
импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.
3. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі (бұдан әрi - қосымша тізбе) - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес акциз салуға жатқызылатын Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың тізбесі;