2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V шешімі
(2014.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014.15.01. № 23/192-V шешімімен (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.02. № 24/194-V шешімімен (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.15.04. № 26/209-V шешімімен (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 390 848 578 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 15 210 108 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 111 904 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 685 мың теңге;
трансферттер түсімі - 375 524 881 мың теңге;
2) шығындар - 389 046 555 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 282 914 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 5 439 712 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 156 798 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3 000 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 3 000 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 5 480 891 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 5 480 891 мың теңге.
2. 2014 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
Созақ ауданы және Шымкент қаласынан басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 50 пайыз;
Созақ ауданының бюджетіне - 85 пайыз;