Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 994 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысында:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Толыбаев Марат Еркінұлы
| - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, |
| Орман Анарбек Оңғарұлы
| - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы |
| Маслов Василий Карлович | - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, хатшы; |
мына:
| «Ескендіров Абай Мұқашұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары, |
| Тихонюк Николай Петрович | - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары»; |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: