Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1540 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
2014 - 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы - қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру.
Пайымы - заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып және статистика саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби статистикалық қызмет.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет
салаларының (аяларының) даму үрдістері
1-стратегиялық бағыт. Ұсынылатын ақпараттың сапасын жақсарту.
1. Реттелетін сала немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Қазіргі уақытта Қазақстанның статистика жүйесі өз дамуының сапалы жаңа кезеңінде, одан әрі сәтті қызмет етуі үшін негіз құруға бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарылды.
Мәселен, БҰҰ ЕЭК халықаралық сарапшыларының мемлекеттік статистика жүйесіне жүргізген екінші Жаһандық бағалауына сәйкес Қазақстанның ұлттық статистика жүйесі Орталық Азиядағы және Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі ең жоғары дамыған статистика жүйелерінің бірі болып табылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.