«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 542 Қаулысы (күші жойылды)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 542 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 Қаулысымен күші жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 26 мамырдағы

№ 542 қаулысымен

бекітілген

 

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін,
жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау

 қағидалары

 

1. Негізгі ережелер

 

1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін айқындайды.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруы үшін айқындалады.

4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері мен жаңа бастамаларға арналған лимиттердің шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды өз бетінше бөледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.