(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

Сот-медицина сараптамасы міндетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрілігіне беру мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 16 бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2014 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Сот-медицина сараптамасы міндетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша ұсыныстарды жасау, сонымен қатар тиісті құжаттарды дайындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес сот-медицина сараптамасы міндетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылсын.

2. Жұмыс тобы 2013 жылдың 31 қаңтарына дейінгі мерзімде Әділет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті ақпараттарды, сонымен қатар сот-медицина сараптамасы міндетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша ұсыныстарды ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Бекетаев Марат Бақытжанұлына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Мусинов Серікбол Рақымханұлына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2013 жылғы 11 қаңтардағы

және

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2013 жылғы 11 қаңтардағы

№ 16 бірлескен бұйрықтарына

 қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.