Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 192 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 73 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 2-15-0024 ұсынысы бойынша облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 192 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3110 тіркелген, 2012 жылғы 8 желтоқсандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
облыс әкімдігінің қаулысына
қосымша
Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Теректі, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандары және
Орал қаласының аумақтарында карантиндік режим енгізілетін
карантинді аймақ
| Аудан атауы | Ауылдық округтердің атауы | Ауылшаруашылығы құрылымдарының атауы | Карантиндік объектінің атауы | Зақымдалған алаң, га |
| Ақжайық | Бударин |
| Acroptilon repens (D.C.) | 430 |
|
|
| «Бірлес» ЖШС | Acroptilon repens (D.C.) | 500 |
|
| Жаңабұлақ |
| Acroptilon repens (D.C.) | 810 |