«Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Ресупбликасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 223 бұйрығы (күші жойылды)

«Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Ресупбликасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 223 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 245 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары -

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

 

 

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы 15 мамырдағы

№ 223 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы 15 мамырдағы

№ 223 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.