Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 703 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды
«Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығын қараңыз
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 703 қаулысымен
бекітілген
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі - атаулы көмек) - жеке тұтынушылардың қазақстандық өндірушілерден жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;
2) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі - жеке тұтынушы) - орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға;