«Оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 203 бұйрығы (2015.05.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 203 бұйрығы

(2015.05.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 639 бұйрығымен күші жойылды

 

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 15-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгі нысаны бекітілсін.

2. Республикалық мемлекеттік мүлікке билік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Д.Б. Әділханов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Республикалық мемлекеттік мүлікке билік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті Д.Б. Әділхановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Қаржы министрінің 2015.05.03. № 155 бұйрығымен үлгі нысаны өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы 30 сәуірдегі

№ 203 бұйрығымен бекітілген

 

Нысан

 

 

Оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының

үлгі нысаны

 

 

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 70-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша әкімші оңалту жоспарының ____________________________________________________________

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.