«Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығы (2025.12.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығы

(2025.12.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.22.07. № 286 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

1. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы жарияланған);

2. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9191 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:

1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.