276-бап. Атом энергиясын пайдалану объектiлерiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
277-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
278-бап. Сапасыз салынған құрылыс
280-бап. Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау
281-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
282-бап. Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
286-бап. Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы
289-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
291-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу
292-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу
295-бап. Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу
11-тарау. ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
296-бап. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу
298-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу
299-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру
300-бап. Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру
304-бап. Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу
305-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру
307-бап. Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру
308-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту
311-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
313-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату
313-1-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттау
314-бап. Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау
315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою
316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау
12-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
317-бап. Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы
319-бап. Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу
320-бап. Медициналық көмек көрсетпеу
321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету
323-бап. Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу
13-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу
328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу
334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
335-бап. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу
336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу
338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу
340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимін бұзу
343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау
14-тарау. КӨЛIКТЕГI ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
347-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу
348-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру
350-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру
351-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
352-бап. Пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
352-1-бап. Әуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасау
353-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
354-бап. Магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
355-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату
356-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату
357-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi
359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру
360-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу
361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыра пайдалану
363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерiн иемденіп алу
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау
368-бап. Парақорлыққа делдал болу
369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
16-тарау. БАСҚАРУ ТӘРТIБIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
372-бап. Мемлекеттік рәміздерді қорлау
377-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметіне кедергi жасау
379-бап. Билік өкіліне бағынбау
380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері
381-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау
383-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды иемдену немесе өткiзу
387-бап. Әскери қызметке шақырылудан жалтару
388-бап. Жұмылдыруға шақырылудан жалтару
391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын заңсыз көтеру
392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту
394-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
396-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қайшы өзгерту
400-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу
402-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер
403-бап. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы
404-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру, олардың қызметiне басшылық ету және қатысу
406-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету
407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау
410-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты құрметтемеу
412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
412-1-бап. Қылмыс жасауға арандату
413-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау
415-бап. Айғақтар беруге мәжбүрлеу
416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау
417-бап. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату
418-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығару
419-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
420-бап. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма
421-бап. Куәнің немесе жәбiрленушiнiң айғақтар беруден бас тартуы
423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету
426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзетпен ұстаудан қашу
427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару
430-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау
432-бап. Қылмысты жасырып қалу
433-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру
434-бап. Қылмыс туралы хабарламау
436-бап. Азаматтың алқаби міндетін орындауына кедергі жасау
18-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
437-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу
439-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi
441-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
443-бап. Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту
444-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу
445-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу
446-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу
447-бап. Iшкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу
448-бап. Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу
450-бап. Билiктi терiс пайдалану
451-бап. Билiктi асыра пайдалану
452-бап. Биліктің әрекетсіздігі
452-1-бап. Бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі
453-бап. Қызметке салғырт қарау
454-бап. Батып бара жатқан әскери корабльді тастап кету
455-бап. Соғыс жүргiзу құралдарын қарсыласқа беру немесе қалдырып кету
456-бап. Тұтқынға өз еркiмен берiлу
459-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру
460-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру
461-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
463-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу
465-бап. Корабль жүргiзу қағидаларын бұзу
1-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Қазақстан Республикасының осы Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске енгiзілгеннен кейiн ғана қолданылуға жатады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады. Осы Кодекстің конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін нормалары заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының құрамдас бөлігі болып табылады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республиканың заңнамасында айқындалады.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты;
2) қылмыстық жауаптылықты болғызбайтын;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу көзделмейтін заңмен жүзеге асырылады.
2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң мiндеттерi: адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негізі белгiленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қандай қауiптi іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс қылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
3-бап. Осы Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағыналары бар:
2024.05.07. № 111-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) адамды қанау - кінәлі адамның мәжбүрлі еңбекті, басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді пайдалануы, адамды қайыршылықпен айналысуға, құқыққа қайшы қызмет жасауға мәжбүрлеуі немесе кінәлі адамның адамға қатысты меншік иесінің кейбір немесе барлық өкілеттігін жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер.
Ескертпелер. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлі адамның мәжбүрлі еңбекті пайдалануы деп адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру не қандай да бір жаза қолдану қатерін төндіру арқылы талап етілетін кез келген жұмыс немесе қызмет түсініледі.